Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін Алматы мен Астанада ауа сапасы нашарлайды

7 Мамыр 2025, 07:44
985
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 2025 жылғы 7 мамырда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабалайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында күтілуде. Мұндай жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға, әсіресе денсаулығы әлсіз жандарға, көшеде ұзақ уақыт болмауға және қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы