Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында 2024 жылғы 11 қаңтар күні I ауысымның оқушылары онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- Үржар ауданындағы 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Жарма ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Бесқарағай ауданындағы 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары, 2 мектептің 1-4 сынып оқушылары
- Семей, Курчатов қалаларындағы, Ақсуат, Бородулиха аудандарындағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мектептері штаттық режимде оқиды.