Бүгін 9 облыста дауылды ескерту жарияланды

23 Қыркүйек 2020, 04:15
1523
Бөлісу:
Бүгін 9 облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қыркүйекте Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ақмола облысында күндіз кей жерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, - делінген дауылды ескертуде.

Дауылдың ықтималдығы – 85-90%.

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік- батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі, - деді сарапшылар.

Дауылдың ықтималдығы – 80-85%.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады, - деп ескертті метеорологтар.

Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі, - деп жазды баспасөз қызметі.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қаласында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деді синоптиктер.

Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.

Қарағанды облысында кей жерде түман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Қарағанды қаласында 23 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет».

Дауылдың ықтималдығы – 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерде 15-20 м/с. Орал қаласында 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі, - делінген хабарда.

Дауылдың ықтималдығы – 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы