Сейсенбі, 4 қазанда 8 қалада ауа сапасы нашарлайды. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтар болсақ,Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай және Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.