2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында, ал түнде Теміртау, Қарағанды және Астана қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл желсіздік, әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда ауада зиянды заттар жиналып, оның сапасы төмендейді.
Ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
Мамандардың кеңесі:
Ашық ауада, әсіресе көлік жолдары маңында ұзақ болмау;
Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
Созылмалы ауруы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі тиіс;
Ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.
Синоптиктер мұндай жағдайларда ауа сапасын бақылап, сақтық шараларын ұстануға шақырады.