Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 сәуірде республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашар болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, жұма күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.