Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

24 қыркүйек күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 архив 24 Қыркүйек 2023 2023, 08:25
24 Қыркүйек 2023 2023, 08:25
2175
Фото: архив

24 қыркүйек күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 24 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх