Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
2024 жылғы 7 желтоқсанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі, - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.