Бүгін 4 қалада ауа ластанады

11 Шілде 2024, 07:20
302
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа ластанады
Фото: архив

Бүгін Астана мен үш қалада жайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 11 шілдеде Астана, Петропавловск, Қостанай, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы