Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
2022 жылғы 19 тамызда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі,-делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.