Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 15 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болады деп болжануда.

 pixabay 15 Ақпан 2026, 08:40
15 Ақпан 2026, 08:40
1299
Фото: pixabay

2026 жылдың 15 ақпанында Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 15 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болады деп болжануда.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия) үйлесімі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алса, елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі - ауа райы болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайында:

Әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластану көздерінің жанында далада болу уақытын азайту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;

Созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдар далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;

Даладағы дене белсенділігін шектеңіз. Үй ішінде дене шынықтырумен және спортпен айналысыңыз.

Наверх