Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-әлеуметтік нысандарға көз тіккендер туралы айтты.
Мемлекет басшысы елімізде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне және қосымша білім алуына жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
Алайда мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке адамдар иеленіп жатыр. Әсіресе оқушылар сарайы мен музыка мектептеріне, балабақшаларға көз тігушілер көп. Сондай бір оқиға жуырда Алматыда болды. Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Үкіметке мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жекеменшікке беруге заң жүзінде шектеу қоюды тапсырды.