Будапештте ВІО белгісі бар қазақстандық өнімдер сатылуда

Астана, BAQ.KZ. Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

14 Ақпан 2019 2019, 09:27
14 Ақпан 2019 2019, 09:27
3042

Астана, BAQ.KZ. Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

«Бүгін Будапешттің «ВІО» санатындағы азық-түлік супермаркетінен Қазақстанда шығарылған өнімді байқадық. Бұл санат өнім сапасының да, бағасының да жоғары екендігін әрі экологиялық таза екендігін білдіреді», - деп жазады Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Facebook-тегі парақшасында.

Елшінің айтуынша, бұл кішкене болса да Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетінің көрсеткіші.

«Еуропа елдерінің азық-түлік импортының көлемі мен географиясын ескерсек, біздің кез келген өнімді сататын нарық үнемі болады. Прогресшіл технологияларды енгізіп, тазалық пен сапалылықты қамтамасыз етсек, жетіп жатыр», - дейді ол.

Нұрбақ Рүстемовтің айтуынша, Венгрияға Қазақстаннан мөңке балық та импортталады.

Наверх