Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

<p> </p> <h4 align="justify">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесіп, екі елдің парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму келешегін талқылады.</h4>

 22 Ақпан 2021 2021, 21:50
22 Ақпан 2021 2021, 21:50
2061

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесіп, екі елдің парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму келешегін талқылады.

Елші сұхбаттасушыны елде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктері туралы хабарлады.

Өз кезегінде Ш.Лежак Қазақстанды 30-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Наверх