Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бұдан былай "Қайрат" футболшыларына кез келген адам құнды сыйлық бере алмайды

Нұрқанат Атажан
17 Қазан 2025, 17:24
541
Бөлісу:
 Фото: “Қайрат” ФК баспасөз қызметі
Фото: Фото: “Қайрат” ФК баспасөз қызметі

"Қайраттың" президенті Қайрат Боранбаев қақпашыларға берілген қымбат сыйлықтан соң клуб ішінде арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Клуб басшылығы ойыншыларға сыйлық беруге қатысты ішкі жаңа тәртіп енгізіп отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Спорт Шредингера" басылымының жазуынша, клуб иесі "жеңіс – команданың ортақ еңбегі" деп есептейді.

Айта кетейік, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырзаның есімі Чемпиондар лигасындағы "Спортингпен" және "Реалмен" өткен ойындардан кейін қатты танылып, әлеуметтік желідегі оқырмандары күрт артқан еді.

Сол себепті оған кәсіпкер Exceed маркалы көлік сыйлады. Артынша "Қайраттың" екінші нөмірлі қақпашысы Темірлан Анарбековке де кәсіпкерлер көлік мінгізді.

Бұл жайт қоғамды резонанс тудырды. Бірі сыйлық берілгені дұрыс десе, кейбірі командалық ойында бөле жарып, сыйлық беру клубтың қарым-қатынасына өз кедергісін келтіретінін айтты. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин де мұндай жекелей марапаттау командалық рухқа кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан.

Біз ойыншылармен кездесу өткізіп, осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірдік. Қай жағдайда да жеңіс – бүкіл команданың еңбегі. Егер бір ойыншыға сыйлық берілсе, онда Дастан да, Мартынович те, Громыко мен Заруцкий де сыйлыққа лайық деуге болады. Бірақ болған іс болды. Әрине біз мұндай сыйлықтарға тыйым сала алмаймыз. Дегенмен футболшылардың бәрі клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді барлық осындай мәселе клуб арқылы реттелуге тиіс деген шешім қабылдадық, – деді Қайрат Боранбаев.

Енді бұдан былай "Қайрат" футбол клубының басшылығы алдағы уақытта ойыншыларға жеке сыйлық немесе демеушілік сый тарту мәселесін клубтың уысында ұстайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы