Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады – Президент

5 Қараша 2022, 13:13
1345
Бөлісу:
Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады – Президент

Бүгін Президент бірқатар заңға жария түрде қол қойған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңдарға жария түрде қол қою рәсімінде азаматтардың басым көпшілігі конституциялық реформаға қолдау білдіргенін айтты.

Осы референдумда азаматтардың басым көпшілігі конституциялық реформаға қолдау білдірді. Сол арқылы халқымыздың бірлігі бекем екенін көрсетті. Мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол аштық. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайттық. Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады, - деді ол.

Ұсынылған заңнамалық бастамалардың нақты гуманистік және құқық қорғау бағыттары айқын.

Өзгерістерге сәйкес, Конституциялық сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қызметін бастайды. Енді әрбір азамат өзінің конституциялық құқығы мен бостандығын тікелей осы органда қорғай алады. Алғаш рет Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі, құзіреті мен дербестік кепілдігі Конституциялық заң деңгейінде бекітіліп отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы