София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингіде 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.
Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.