Мәдениет және спорт министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы жаңа бұйрығына сәйкес, спортшылар, бапкерлер мен төрешілердің жарыстар мен қоғамдық орындардағы мінез-құлқына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ережеге сәйкес, енді бейәдеп сөз айтуға, жаттығу үдерісінің құпияларын жариялауға, мас күйінде жүруге және Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.
BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бұл талаптардың барша қазақстандық спортшыларға бірдей қолданылатынын айтты.
Иә, бұл ережелер еліміздің барлық спортшыларына қатысты. Жарыстар Қазақстанда ма, әлде шетелде ме — бәрібір. Егер спортшы бейәдеп немесе нормативке сай емес сөздер қолданса, федерация оны тіркеп, тиісті шара қолдануы тиіс, — деді ол.
Айта кетейік, бұл талаптар шетелдік турнирлерде жиі эмоцияға беріліп, қатты сөйлейтін танымал теннисші Александр Бубликке де қатысты болмақ.