Министр ҰБТ ұйымдастыру бойынша қосымша тапсырмалар бергенін мәлімдеді

16 Маусым 2020, 11:53
1518
Бөлісу:
Министр ҰБТ ұйымдастыру бойынша қосымша тапсырмалар бергенін мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері барын мәлімдеді.

Министр онлайн конференция барысында бұл ерекшеліктер түлектерге тиісті жағдай жасау бойынша қолға алынып отырғанын айтты.

Түлектерді қорытынды емтихандардан босаттық. Екіншіден ҰБТ тапсыру уақытын создық, яғни биыл 4 сағат болады. Бірнеше жылдан бері калькулятор мәселесі айтылып келді. Биыл әр үстелге фукциясы қарапайым калькуляторды қоямыз, алайда талапкерге өзімен әкелуге болмайды, - деді министр. 

Сондай-ақ ол дайындық барысында тесттің 60-70 пайызын барлық талапкерге ұсынғандарын жеткізді. 

Академиялық адалдық тұрғысынан қарағанда бөлек талаптар қойылды. Әр талапкер өз біліміне сай келетін балын алуы керек, - деді ол. 

Сонымен қатар, министр ҰБТ ұйымдастыру бойынша қосымша тапсырмалар бергенін мәлімдеді. 

Мысалы, алдыңғы жылдары оңтүстік аймақта және басқа өңірлерде электр қуаты болмай қалған. Сондай жағдай болмас үшін қосымша электр қуатын беретін ошақтар дайындау жөнінде тапсырма берілді. Бұл мәселелер 17 маусымға дейін шешіліп бітуі керек. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу бойынша барлық Білім басқармалары басшыларына, университеттердің басшыларына осы мәселені қайтадан тапсырамын, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы