Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев қазақ тілінде тест тапсырушылардың саны туралы мәлімет берді.
«Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 12772 баланың 11361 – қазақ тілінде, 1411 – орыс тілінде тест атапсырды. Жалпы Қзақастан бойынша ҰБТ қатысуға өтініш бергендердің 75% – қазақ тілінде, 25%– орыс тілінде. Мемлекеттік білім гранттары көлемін де осы өтініштерге қарай бөлдік: қазақ тілінде – 75%, орыс тілінде – 25%», - деді БҒМ жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры.
Ол талапкерлер жиі таңдаған пәндер туралы да айтты.
«Балаларымыздың арасында көбірек таңдаған пәндер – жаратылыстану пәндері. Олар: матемкатика, физика, химия, қыздар арасында биологияны таңдағандар саны көбірек. 3-4 жылдан бері техникалық, IT мамандықтарға грант көптеп бөлініп келеді», - деп сөзін түйіндеді Тойбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.