Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17 рет өткізілетін болады.
Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет өткізілуде: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде жүргізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120. Максималды балл – 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін іске асырылды.