Бельгия астанасы Брюссельдегі әйгілі Manneken Pis мүсіні Қазақстанның Республика күніне орай қазақтың ұлттық киімін киді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының күніне орай әйгілі Manneken Pis қазақтың ұлттық киімін киді! Бұл – Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық пен мәдени байланыстың жарқын символы, – делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.
Instagram/@kazakhstaninbrussels
Елшілік мәліметінше, Брюссель тұрғындары мен қала қонақтары мүсінді қазақтың ұлттық киімімен 21 қазанда сағат 18:00-ге дейін тамашалай алды.
Айта кетейік, «Manneken Pis» – Брюссельдің басты көрікті орындарының бірі. Мүсінді мерекелер мен маңызды оқиғаларға орай әртүрлі елдің ұлттық киімдеріне киіндіру дәстүрге айналған.