Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған жұмысшы шеруге шықты. Шараға қатысушылар үкіметтен қымбатшылықпен күресуді талап етіп жатыр, деп жазды «Хабар 24».
Бұл үшін заңнаманы өзгертіп, жалақыны көтеруді ұсынды. Осы айда елде инфляция 9 процентке жеткен.
Бұған дейін әуежайлар мен өзге де қоғамдық көлік қызметкерлері бір күндік ереуіл жариялап, көлік қатынасы тоқтатылды. Ереуілден Брюссельден ұшатын көп рейс кейінге шегерілді.