Дәрігер Гульназ Бақытжанқызы күз-қыс айларындағы салқын ауа температурасына орай бронхит инфекциясының асқынатынын айтып, дабыл қақты. Сонымен қатар, бұл инфекция түрінің жас талғамайтынын жеткізіп, салауатты өмір салты – негізгі қорғаныс құралы екендігін ескертті.
Қарапайым этиологиясында бронхит деген – бұл бронхтың шырышты қабатында немесе бүкіл брох қабырғасында қабыну орын алатын жағдай. Бұл шырышты өндірудің және тыныс алу жолдарының тазартылуының бұзылуына әкелетін ауру түрі.
Жалпылама бронхиттің екі түрі бар: Жедел бронхит – суық тию немесе басқа да инфекция кезінде ағзада пайда болатын қысқа мерзімді ауру. Адам бұдан бірнеше аптада жазылып кетеді.
Ал созылмалы бронхит – бронхтың тұрақты, қайталанып тұратын қабынуы, бронх ағынының төмендеуіне және өкпе функциясының бұзылуына әкелетін ұзақ созылмалы ауру.
Бронхиттің ең көп тараған себебі – вирустық немесе бактериялық инфекция. Олардың қатарына тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, қызылша, көкжөтел, туберкулез және тағы басқа суық тиіп, қабынатын ауру түрлері жатады
Негізгі симптом – жөтел. Бастапқыда ол құрғақ болуы мүмкін, бірақ кейінірек ол әртүрлі консистенция мен түсті қақырықты шығарумен бірге жүруі мүмкін. Бронхиттің басқа да мүмкін белгілеріне ентігу, жиі тершеңдік, үнемі әлсіздік, бас ауруы және тәбеттің төмендеуі жатады.
Сондай-ақ терапевт-профпатолог дәрігер Гульназ Бақытжанқызы бронхитке шалдықпаудың негізгі факторларын атап өтті.
Ең бастысы, салауатты өмір салтын жүйелі ұстану. Темекі шегуге мүлдем болмайды! Гипотермиядан аулақ болу керектігін қатаң түрде ескертемін. Витаминдік терапия алып тұру талапқа сай дәрігердің кеңесімен. Ұдайы күнделікті тыныс алу жаттығуларын жасап жүрген жөн. Жылына бір рет кеуде қуысының рентгенографиясы және медициналық тексеруден өту керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде ол жай ермек деп айтылып жүрген күніне 10 мың қадам жасау әрекеті – қауіпсіздік қалқаны болады десем артық емес.
Сонымен қатар дәрігер Гульназ Бақытжанқызы Қырықбаева жедел және созылмалы бронхиттің қауіптілігін айтып, неге немқұрайлы қарауға болмайтындығын түсіндірді.
Жедел бронхиттен туындайтын жедел қауіп
Жедел бронхит негізінде қысқа мерзімді ауру болса да, толық емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екендігін атап өткім келеді.
Ең жиі кездесетін асқыну – пневмония. Бұл пневмония көбінесе жас балалар мен егде жастағы адам өміріне қауіп төндіретін өкпенің инфекциясы. Егер жедел бронхиттен жүйелі емделмесе, бұл жағдай созылмалы бронхитке айналуы мүмкін. Жедел бронхит, сонымен қатар, демікпе сияқты дем алу жолын да нашарлатады.
Созылмалы бронхит өкпені "өкпелетеді"
Созылмалы бронхит – тыныс алу жолдарының ұзақ мерзімді, жиі үдемелі қабыну ауруы. Бұл созылмалы қайталанатын өкпе ауруына (COPD) әкелуі мүмкін, тыныс алу кезінде үнемі қиындық туындайды.
ӨСОА-мен ауыратын науқастарда тыныс алу жеткіліксіздігі мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі жоғары болады. Өкпе қалыпқа келмеуі мүмкін. Астма мен өкпе гипертензиясына да әкелуі ықтимал, - дейді дәрігер.
"Тән саулығы – жан саулығы" деген дәрігер барша адамға "«ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" қағидасын үлгі етеді.