Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары елде тек бронетехника емес, сонымен қатар жауынгерлік модульдер, радиолокациялық жүйелер, дрондар, жол-құрылыс техникасы мен оқ-дәрілерді толық циклде өндіру жобалары жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Осы бастамалардың басында тұрған компаниялардың бірі – 2014 жылы құрылған “Kazakhstan Paramount Engineering” (KPE). Бүгінде зауыт жылына жүздеген броньды машиналарды шығарып қана қоймай, жаңа өндірістік алаңдарды іске қосу және терең локализация негізінде технологиялық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
.jpg)

Зауыт №1 Индустриялық парк аумағында орналасқан заманауи өндіріс орындарының бірі.


Кәсіпорынның өндірістік алаңы 13 500 шаршы метрді құрайды. Зауыт жылына 360 MRAP броньды көлігін шығара алады. Мұнда 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Компанияның жоспарларында – жылына 10 мың жүк көлігін өндіретін зауыт салу, қорғаныс және азаматтық бағыттағы электрондық өнімдер шығару, сондай-ақ артиллериялық оқ-дәрілерді толық циклде өндіретін «Аспан» жобасын жүзеге асыру бар.


“Kazakhstan Paramount Engineering” компаниясының техникалық директоры Мұхтар Әлмұханов “Barys Dynamics” тобының ауқымы мен бағыттары туралы айтып берді.

.jpg)
Оның сөзінше, “Barys Dynamics” – қарқынды дамып келе жатқан холдинг. Ол бірнеше өндірістік бағытты біріктіреді: бронетехника мен жауынгерлік модульдерден бастап, радарлар, дрондар, жүк және жол-құрылыс техникасы, сондай-ақ толық циклді оқ-дәрі өндірісі.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Бірінші бағыт – “Kazakhstan Paramount Engineering” зауыты. Ол дөңгелекті броньды машиналар шығаруға маманданған. Өнім желісі 4×4 жеңіл броньды көліктерден бастап 6×6 және 8×8 ауыр платформаларға дейін қамтиды (олардың арасында “Barys 6×6”, “Barys 8×8”, “Barys 4×4” және басқалары бар). Сонымен қатар, амфибиялық ауыр техника – «Terrex Barys А» жасалған.


Әлмұхановтың айтуынша, бұл жобалардың барлық конструкторлық құжаттамасы мен зияткерлік меншігі Қазақстандағы компанияға толықтай тиесілі.
.jpg)
.jpg)

Екінші бағыт – WSE компаниясы. Ол “Сұңқар”, “Аңсар” секілді жауынгерлік модульдер, радиостанциялар мен байланыс жүйелерін, оптикалық-электронды кешендерді өндіреді. Бұған қоса, дрондарды анықтауға арналған радар жүйелерін әзірлеу және антидрондық кешендерге арналған лазерлік қару жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Холдинг дрон өндірісін де дамытып жатыр: 40 шақырымға дейін ұшатын соққы беруші БПЛА-лар мен барлау дрондары әзірленіп жатыр.
.jpg)
Үшінші бағыт – жүк және жол-құрылыс техникасын шығаратын зауыт. Бұл жоба Қытайдың XCMG компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатыр. Зауыттың құрылысы басталған, жоспарлы қуаттылығы – жылына 10 мың техника. Әлмұханов атап өткендей, зауыт терең локализациямен салынып жатыр.
.jpg)
Барлық технологияны барынша Қазақстанда орналастырамыз, соның ішінде электрлік, пневматикалық және гидравликалық жүйелерді де, - деді ол.

Бөлек ірі жоба – “Аспанс”. Ол оқ-дәрілерді төрт кезеңде өндіруді көздейді: корпустарды жасауға арналған металлургиялық (соғу) зауыт; тротил (TNT) және әртүрлі түрдегі оқ-дәрі дәрілерін шығаруға арналған екі химиялық зауыт; соңғы құрастыру зауыты. Бұл бастамалар аясында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Әлмұхановтың айтуынша, жобаларды қаржыландыру холдингтің өз қаражаты мен тартылған инвестициялар есебінен жүргізілуде. Негізгі мақсат – елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, қорғаныс қабілетін технологиялық даму және өндірісті жергіліктендіру арқылы арттыру.
Компания ғылыми-зерттеу жұмыстарына және зияткерлік меншікті қорғауға ерекше көңіл бөледі.
.jpg)
Біз өз машиналарымызды, технологияларымызды жасаймыз, R&D-ге қаржы саламыз. Сол негізде жаңа жобаларды дамытып отырмыз, – деді техникалық директор.

Оның сөзінше, конструкторлық құжаттаманы орталықтандырылған басқару және негізгі компоненттерді жергілікті деңгейде өндіру жеткізілімдердің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, “Made in Kazakhstan” белгісімен бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жол ашады.
.jpg)
Зауытта шамамен 350 маман жұмыс істейді. Олардың қатарында механиктер, құрастырушылар, электриктер, слесарлар және т.б.

Электр цехында жұмыс істейтін құрастырушы Нұржан Қалмаханұлы.
Қазір біз электр цехында тұрмыз. Мұнда машинаның барлық электр жүйелерін жобалау жұмыстары жүргізеді. Яғни көліктің жүруі мен ішіндегі барлық аппараттың бір-бірімен байланысы, маторы, жүргізуші мен экипаждың арасын байланыстыратын жүйелерді жобалаймыз. Біз оны жобалап қана қоймай, тапсырыс берушілермен алдымен келісіп, отандық өнімдерді қолданамыз. Жобаны сызба түрінде жасаймыз. Оны жасаған соң, осы цехта жинаймыз. Цех көліктің жүруі мен ішіндегі барлық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін “миы”, - деді құрастырушы.

Ол түрлі құрал-жабдықтарды құрастырып, оны орнату бойынша жауапты.
Құрастырушы ол біреудің айтқанымен ғана емес, өзінің ойымен жұмыс істейтін маман. Біз қазақстандық әскерге ыңғайлы жағдай жасаймыз, - дейді маман.
Сөзінше, зауытқа осы салада білім алып жүрген студенттер тәжірибеден өтуге жиі келеді. Қазір зауыт қызметкерлеріне барынша жақсы жағдай жасалған.
.jpg)
Зауытта жұмыс істейтін маманның бәрі – өзіміздің қазақтың жігіттері. Мына панелдің бәрі осы жерде жасалған. Тіпті чиптерге дейін. Осының бәрін өзіміз жобалап шығарамыз, - дейді ол.
Зауыттағы мамандардың бәрі жоғары білімді. Көбінің техникалық білімі бар.
Айта кетейік, Астана индустриялық паркі – басты өндірістік инвестициялық алаңның тиімді жұмысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикалық өсудің негізгі драйверлерін нығайтуға ерекше назар аударды. Олардың арасында инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік маңызды орын алады.
Қалада инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және жобаларды қолдауға ерекше мән беріліп келеді.
.jpg)
Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша елорда экономикаға салынған инвестиция көлемі жағынан көш бастады. Нақты өсім 42%-ды құрап, 1,2 трлн теңгеге жетті. Жеке инвестициялар 25,4%-ға өсіп, 780 млрд теңгені құрады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің ерекше рөлін атап өтті. Бұл экспорттық әлеуетті қалыптастыратын, жаңа технологияларды енгізетін және сапалы жұмыс орындарын құратын сала.
2024 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетті. Биыл өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістерді іске қосу есебінен көлемді 7%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл өсім 2,6 трлн теңгеге дейін жетеді.