Ұлыбританияда рұқсат берілген вакцинаны алғандарға елге кіру жеңілдейді

18 Қыркүйек 2021, 11:02
10065
Бөлісу:
Ұлыбританияда рұқсат берілген вакцинаны алғандарға елге кіру жеңілдейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания билігі қазан айынан бастап Біріккен Корольдікке кіру ережелерін жеңілдетеді. Алайда бұл тек елде рұқсат етілген вакцинаны салдырғандарға ғана қатысты деп жазады ИТАР-ТАСС.

Британдық байланыс министрлігінің басшысы Грант Шэппс жаңа қағидалар қазанда күшіне енетінін және бастапқыда тек Англияны ғана қамтитынын айтты. Себебі Солтүстік Ирландия, Шотландия мен Уэльс билігі өз ережелерін бекітуге құқықтары бар көрінеді.

Қолданыстағы жүйе қарапайым әрі түсінікті. Талдаулар тапсыру азаяды, сапардың құны да төмендейді. Көп адамдарға саяхаттауға мүмкіндік туады, бұл жолаушылар тасымалдау саласына да жаңа қарқын берері сөзсіз, - деп атап өтті Шэппс.

Айта кететін жайт, Ұлыбюританиядағы шектеулердің бір бөлігін алып тастау жаппай вакцинациялау бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуымен байланысты болып отыр. Себебі елдің 16 жастан тұрғындарының 90%-ға жуығы екпе алып үлгерген.

Осы орайда Ұлыбританияға басқа мемлекеттен келгендер үшін 10 күндік үй карантинін сақтау міндетті. Қазан айынан бастап енгізілетін ереже Лондон мойындамаған елдерден келетін саяхатшыларға жүргізілмейді. Бұл Ресей немесе Қытайға да қатысты болып отыр. Қазіргі таңда корольдік билігі АҚШ пен ЕО елдерінде шыққан вакцинация препараттарын мойындайды. Бұл елдердің қатарына сондай-ақ Жапония мен Сингапур сынды 17 мемлекет кіріп отыр. Корольдікте AstraZeneca, Pfizer, Moderna, сонымен қатар Johnson & Johnson компанияларының вакциналары тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы