Лондонның орталығында Палестинаны қолдауға бағытталған акция кезінде 17 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Скотленд-Ярд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Х әлеуметтік желісінде тәртіп сақшылары апат қызметінің жұмысшысына шабуыл жасаған үш адамды, сондай-ақ тыйым салынған ұйымды қолдаған екі адамды, қоғамдық тәртіп бұзғаны тоғыз адамды ұстағандарын жазған.
Айта кетерлігі, митинг 7 қазанда Израильге ХАМАС палестиналық қозғалысының жасаған шабуылына бір жол толуына орай ұйымдастырылған.
Белсенділер Газа секторы мен Ливан аумағындағы әскери қақтығыстың тоқтауын талап етті.