Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Британдық ұйымдар Google-ден 5 млрд фунт өндіріп алуды талап етуде

16 Сәуір 2025, 22:56
803
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ұлыбританияда Google компаниясына қарсы онлайн іздеу нарығындағы "толық үстемдігін" теріс пайдаланды деген айыппен 5 миллиард фунт стерлингке (шамамен 6,6 миллиард доллар) тең өтемақы өндіріп алу туралы талаппен сотқа арыз түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNBC-ге сілтеме жасап.

Талап арыз Лондондағы Бәсекелестік апелляциялық трибуналға тапсырылды. Онда Google іздеу жарнамасы қызметтерін 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдаланған жүздеген мың компаниялардың атынан шағым түсірілген.

Арыз иелері Google-ды нарықтағы үстем жағдайын пайдаланып, бағаны жасанды түрде өсіруге жол берді деп айыптауда. Компания Android құрылғыларында Google Search пен Chrome браузерін әдепкі ретінде орнату үшін өндірушілермен серіктес болғаны және Apple-ге Safari браузерінде Google-ды әдепкі іздеу жүйесі ету үшін миллиардтаған доллар төлегені көрсетілген.

Алайда Google өкілдері компания қызметтерін тұтынушылар баламасы жоқ болғандықтан емес, олардың пайдалы әрі ыңғайлы болғаны үшін таңдайды деп мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы