Британдық ханзада Эндрю Йорк герцогы атағынан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Марқұм патшайым Елизавета II-нің екінші ұлы және қазіргі патша Чарльз III-нің інісі өзінің шешімін корольмен жеке әңгімеден кейін қабылдағанын айтты.
Мен енді Йорк герцогы атағын және маған берілген өзге де құрметті атақтарды пайдаланбаймын, - делінген ханзаданың мәлімдемесінде.
BBC мәліметінше, Эндрю ресми түрде «ханзада» мәртебесін сақтап қалады, алайда герцог атағы мен онымен байланысты артықшылықтарынан бас тартады.
Эндрю Йорк герцогы атағын анасы Елизавета II-ден алған болатын. Соңғы жылдары ол америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн ісіне байланысты бірқатар жанжалдардың ортасында қалды. Бұған дейін ханзада әскери және қоғамдық құрметті атақтарынан айырылған еді.