Британдық дизайнер маскадан қалыңдық көйлегін тікті

21 Шілде 2021, 11:25
3184
Бөлісу:
Британдық дизайнер маскадан қалыңдық көйлегін тікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда той жасауға енгізілген шектеудің алынуына байланысты ерекше қалыңдық көйлігі таныстырылды. Бұл туралы Hitched хабарлады.

Көйлектің ерекшелігі сол – ол қайта өңделген бетперделерден тігілген.

Маскадан тігілген қалыңдық көйлегінің авторы – дизайнер Том Сильвервуд, ал оны көпшілікке модель Джемайма Хамбро таныстырды. Көйлекті тігу үшін 1500 қайта өңделген маска қолданылған. Сонымен қатар дизайнер осы «туындысы» арқылы қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсеткісі келген.

БАҚ-тың мәліметінше, ағылшындар апта сайын бір реттік қолданылатын 100 миллион медициналық бетпердені қоқысқа тастайды екен.

Біз Ұлыбританияда енді үйлену тойлары ешқандай шектеусіз өтетініне қуаныштымыз, - деді Hitched журналының редакторы Сара Аллард.


Айта кетейік, Ұлыбритания үйлену тойын өткізуге қатысты барлық шектеуді алып тастады. Ал Шотландия тек 200 адамның қатысуымен ғана той өткізуге рұқсат берген.

Өзгелердің жаңалығы