БРИКС-ке қосылған 5 мемлекет: Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия

2 Қаңтар 2024, 22:20
612
Бөлісу:
БРИКС-ке қосылған 5 мемлекет: Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия
Фото: baq.kz

БРИКС-ке 2024 жылы бірден бес мемлекет қосылды. Олар Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Dailynews хабарлауынша, Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия БРИКС-ке ресми түрде қосылды. 1 қаңтарда Ресей БРИКС төрағасы болды. 2024 жылдың қазан айында Қазанда БРИКС саммиті өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін қауымдастық құрамына бес мемлекет кірді: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка.

БРИКС – мемлекетаралық бірлестік. Ұйым 2006 жылы маусымда Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен өткен Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылды. БРИКС шеңберіндегі елдердің өзара әрекеттесуі 2006 жылдың қыркүйегінде басталды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 24 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция арқылы БРИКС плюс форматындағы мемлекет басшылары диалогының отырысына қатысты.

Өзгелердің жаңалығы