Астана, baq.kz. Ұлыбритания Солтүстік Ирландияда қауіпсіздікті күшейту мақсатында 1 мың полиция қызметкерін жібермек. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.
1 мыңға жуық тәртіп сақшысы Англиядан және Шотландиядан Солтүстік Ирландияға жіберіледі. Ондағы мақсат Ұлыбританияның Еуроодақтан шыққан кезде жоғарыда аталған елдегі жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу.The Guardian басылымының хабарлауынша, Солтүстік Ирландияның полиция басшылығы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қосымша күш сұраған. Олардың пікірінше, қатаң Brexit жағдайында, яғни Ұлыбритания Еуроодақтың құрамынан келісімсіз шығатын болса. Солтүстік Ирландияда жаппай наразылықтар болуы мүмкін.
Сондай-ақ Еуроодақтан келісімсіз шыққан жағдайда Солтүстік Ирландия аталған одақтың құрамында қалады, әрі онда кедендік және шекаралық бекеттер пайда болады.
Аталған елдің полиция басшылығы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әсіресе Кент графтығындағы портты қала Дувр дайындалып жатқанын мәлім етті.
Сонымен қатар The Guardian Ұлыбританияның Еуроодақтың құрамынан келісімсіз шығу мүмкіндігі жоғары екенін жазады.
Осыған дейін Ұлыбритания билігі тұрғындарына 2019 жылдың наурызында өтетін Brexit келісімсіз аяқталса, шетелге шықпауға кеңес берген.
Айта кетейік, 2018 жылдың 13-желтоқсанында өткен Еуроодақ басшыларының саммитінен соң Еурокомиссияның басшысы Ұлыбританияның аталған одақтан шығу келісімі қайта қаралмайтынын жариялаған.