Брекешев балық шаруашылығы 2030 жылы қандай болатынын айтты

14 Қараша 2022, 10:41
1335
Бөлісу:
Брекешев балық шаруашылығы 2030 жылы қандай болатынын айтты

Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балықты  қорғау шараларымен таныстырды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр Үкімет Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады, негізгі басымдылық балық өсіру шаруашылығына берілген. 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту, импорт көлемін 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайту жоспарланған. Бұдан басқа, кемінде 10 мың қосымша жұмыс орнын құру және негізінен ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыру күтілуде, - деді Брекешев Үкімет сағатында.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қазақстанның балық өсіру шаруашылығының да әлеуеті зор.

Соңғы 5 жылда өсірілген балық көлемі 2,7 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін немесе 5,5 есеге ұлғайды. Балық өсірумен 380 шаруашылық айналысады, онда 1,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда балық өсіруден көшбасшы – Түркістан облысы, - деді ведомства басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы