Бразилияда кем дегенде 60 адам қаза тапқан ұшақ апатына байланысты үш күндік аза тұту күні жарияланған болатын. Оншақты жолаушы рейстеріне кешіккендіктен аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
G1 агенттігінің мәліметінше, сол күні 10 адам апат болған ұшақтың бортына әуе компанияларын шатастырып алғандықтан отырмаған. Бұл жолаушылар рейске тіркелуге кешігіп келгендіктен әуежай қызметкері олардың ұшуына рұқсат бермеген.
Біз ұзақ дауластық. Қазір ғана оның біздің өмірімізді құтқарғанын түсініп отырмын, - деп ағынан жарылды рейске жіберілмеген бақытты жолаушылардың бірі.
Еске салайық, Бразилияның Сан-Паулу штатында ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапты.