10 тамыздан бастап Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва елде үш күндік аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аза тұту күні Сан-Паулу штатында 61 адам қаза тапқан ұшақ апатымен байланысты жарияланып отыр.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Бразилияның Сан-Паулу штатында ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат таралған болатын.
Кейінірек Globo телеарнасы ұшақтың бортында 58 жолаушылар мен 4 экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді.
Алайда әзірге Infraero әуежайының басшылығы ақпаратты растаған жоқ.