Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда тәулігіне 62 504 коронавирустық инфекция жұқтырғандар тіркелді, деп хабарлады RT.
Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырған науқастардың жалпы саны 18 855 015-ке жеткен.
Елде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 526 мыңнан асты. 17,2 миллионнан астам адам COVID-19-дан жазылып шықты.