Бразилиядағы ұшақ апаты кезінде қайтыс болғандар арасында өзге елдің азаматтары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізі әуе кемесі ішкі рейсте жүрген. Апат 9 тамызда болды. Жолаушылар ұшағымен бір сағаттан кейін байланыс үзілген. Кейіннен оның Сан-Паулу іргесіндегі ауылды аймаққа құлағаны белгілі болды. Борттағы 62 адамның барлығы опат болған. Осыған байланысты елде 3 күндік аза тұту жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қанатына мұз қатып, содан лайнер ауырлап жерге құлаған. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Ұшақтың екі қара жәшігі де табылды. Ондағы дыбыстық ақпаратты ала алдық. Бізге көмекке шетелдік мамандар келді. Тергеуге әуе кемесін өндіруші компанияның өкілдері де атсалысып жатыр, - деді Бразилияның Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының басшысы Марсело Морено.