Бразилияда орман өрті өршіді

7 Маусым 2024, 13:44
297
Бөлісу:
Бразилияда орман өрті өршіді

Бразилияның батысында орман өрті өршіді. Тілсіз жау бақылаудан шығып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ол ауқымы жағынан 2020 жылдан бергі ең ірі орман өрті болуы мүмкін. Биыл бұл елде қызыл жалын 300 мың гектардай жерді тып-типыл еткен. Сәуірдің соңында елдің оңтүстігінде толассыз жаңбырдан алапат тасқын жүрген еді. 

Салдарынан 172 адам опат болды. Жарты миллионға жуық азамат үйін тастап, қауіпсіз жерге көшуіне тура келді. Кеше ел президенті табиғи апат аймағына барып, тұрғындарға бүлінген материалдық заттар үшін жуық арада өтемақы берілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы