Бразилияда орман ағашы рекордты деңгейде азайып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Үкімет таратқан мәлімет бойынша соңғы 7 айда 5 жарым мыңдай шаршы шақырым жасыл желек жойылған. Аймақ бірінші кезекте өрттен зардап шегуде. Әсіресе ең үлкен қауіп Амазон орманына төніп тұр.
Мамандар ормансыз қалған аумақтың көлемі Нью-Йорк қаласынан 7 есе көп екенін алға тартады.