Браконьерлерден мың метрден астам тор тәркіленді

Кеше, 21:25
108
Бөлісу:
Браконьерлерден мың метрден астам тор тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында браконьерлерден мың метрден астам "қытай торы" тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Браконьерліктің алдын алу, болған қылмыстарды анықтау бағытында Шардара ауданында 2 тәулік бойы рейд жүргізілді. Онда Түркістан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау инспекторлары, Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, прокуратура, Арал – Сырдария бассейндік балық инспекциясы мен Балық су қорғау инспекторлары бірлесіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде жұмысшы топпен 1 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 

Нақтырақ айтсақ, Шардара су қоймасының бойынан 25 жастағы тұрғын рұқсат етілмеген ау-торымен заңсыз балық аулап жүрген жерінен анықталды. Тексеру кезінде жас жігіттен 103 келі балық алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тергеу жүргізілуде. Жалпы браконьерлерден 115 келі балық, 3 дана үрмелі қайық, 1265 метр "қытай торы" тәркіленді. 

Одан бөлек Шардара су қоймасында қалып қойған 6 мың метрге жуық "қытай торлары" табылып, тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшыларымен жалғаса береді.

Өзгелердің жаңалығы