Браконьерлерден 3 мың метрден астам Қытай ауы тәркіленді

9 Наурыз 2023, 18:16
1169
Бөлісу:
Браконьерлерден 3 мың метрден астам Қытай ауы тәркіленді
Фото: Хабар24

 Жетісу облысында тек үш айдың ішінде балықшылардан 3 мың метрден астам қытай ауы мен жарты тоннадай балық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ал ақпан айының аяғында басталған «Браконьер» республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде 100-ге жуық заңбұзушылық тіркелген. Бес әкімшілік, бір қылмыстық істі сотқа жолдады.

 Алакөл, Балқаш пен үлкенді-кішілі су айдындарында заңсыз балық аулау фактілері азаймай тұр. Облыста жыл басынан бері 326 рет  табиғат қорғау заңнамасының бұзылуы дерегі анықталған. Нәтижесінде тоғыз қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Қазіргі уақытта Алакөл көліндегі мұздың қалыңдығы 25 сантиметр. Балқаш көліндегі қалыңдығы 30 сантиметр. Сондықтан мұздың астына түсіп кету қаупі бар. Еске сала кетсек, мұздың үстіне арнайы жилетті кимей шығуға тыйым салынады. Мұздың үстіне от жағуға тыйым салынады. Мұздың қалыңдығын аяқпен ұрып тексеруге тыйым салынады. Құрметті балық ұстаушылар, абай болыңыздар!,-  облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері  Ералы Разықұлов.

Өзгелердің жаңалығы