Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Әлішер Жармағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша заңсыз аң аулау – қылмыс. Мемлекет браконьерлікке қарсы күрес бойынша қатал шараларды қолданады. ҚР Қылмыстық кодексінің 337 бабы бойынша санкциялар 6 мың АЕК айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетеді. Алайда адамдарды бұл тоқтатар емес, - деді ол.
Жармағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда мекендейтін жануарлардың азаюы табиғатқа теріс әсер етеді.
Біздің елімізді марал, арқар, бұғы, елік сынды киеелі жануарлар мекендейді. Оларды азаюы экожүйе мен біздің мәдени қорымызға үлкен залал келтіреді, - деді ол.