Браконьерлер мемлекетке 64 млн теңгеден артық зиян келтірді

13 Желтоқсан 2019, 22:11
3968
Бөлісу:
Браконьерлер мемлекетке 64 млн теңгеден артық зиян келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада балықтардың бекіре тұқымдарын оны одан әрі өткізу мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған Атырау қаласы жергілікті тұрғындар тобының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 миллион теңгеден артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды.

213.jpg

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-б. 1, 4-т. ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу"), 339-бабы 2-б. 2-т. ("Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы