БҚО полицейлері браконьерлерді құрықтады

Аталған факті бойынша Ақжайық ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 7 Ақпан 2024 2024, 20:33
7 Ақпан 2024 2024, 20:33
781

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал – Атырау тасжолында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Hilux автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікті тексеру барысында 5 киіктің, 3 қоян өлексесі және аулауға тиісті құжаттары жоқ бір қап түрлі балық тұқымдары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ автокөліктен тіркелген қару және балық аулауға арналған құралдары табылды. 

Аталған факті бойынша Ақжайық ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Наверх