БҚО-дағы өрт кезінде балалар төртінші қабаттағы терезеден секірген

Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалайды

 22 Қараша 2024 2024, 16:46
22 Қараша 2024 2024, 16:46
639

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, адамдар аман қалу үшін үшін төртінші қабаттағы терезеден секірді. Олардың барлығы реанимацияда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖД мәліметінше, өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай шағын ауданының №19 үйінде болған. Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген. Өрт 60 шаршы метрге тараған.

Тұрғындар аман қалу үшін әйел және оның 4 және 8 жастағы екі баласы терезеден секірген.

Оқиға орнынан жантүршгерлік кадрлар әлеуметтік желілерде таралды.

Видеода екі кішкентай баланың секіріп, төменгі жақта ер адамдар оларды кенеппен тосып алып жатқанын көруге болады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен үш адамды Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта екі бала, сондай-ақ 43 жастағы әйел реанимацияда. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалайды. Олар қажетті ем алып жатыр, - деп түсіндірді ведомстводан.

Ақсай қаласының әкімдігі жағдай олардың бақылауында екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Наверх