Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 маусымда шамамен сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесі бойында қайғылы оқиға орын алған.
№ 7 жолаушылар автобусы LADA Kalina жеңіл көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2004 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтайтын болады, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.