Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да жоғалған жасөспірім базар маңынан табылды

Бөлісу:
 БҚО ПД
Фото: БҚО ПД

Полиция жоғалып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Баланы орталық базар маңынан учаскелік полицейлер тапқан.

29 желтоқсан күні шамамен сағат 11:40-та жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары кәмелет жасына толмаған Самиғолла Ельнар Қайырбекұлын Орал қаласының орталық базар аумағынан тапты. Қазіргі уақытта денсаулығы жақсы, ата-анасына табысталды, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция іздестіру жұмыстарына атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы