БҚО, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта өмірге келген үшем мен олардың анасының денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.
Сәбилер бір минут айырмашылықпен жарық дүние есігін ашқан. Салмақтары – 2600, 2400, 1900 келі.
Жәнібек ауылының тұрғыны, танымал қолөнер шебері Елдос Сағадатовтың отбасында дүниеге келген қыздардың есімі Әмина, Рәмина, Мәдина деп қойылған.
Айта кетсек, Жәнібек ауданында үшем алғаш рет тіркеліп отыр.