БҚО аумағында тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26 наурыз сағат 12.00-ден 23.30-дан Орал қаласының аумағында және облыстың 9 ауданында қардың қарқынды еруі және жаңбыр түріндегі мол жауын-шашынның нәтижесінде (бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсті - 25,6 мм), төтенше жағдайлар, жергілікті атқарушы органдар, № 5517 әскери бөлім, № 99250 әскери бөлімдердің, барлығы 990 адам, 222 техника және 153 мотопомпа күшімен 3 әлеуметтік нысанның жертөлесінен, 5 көп қабатты үйлерден, 298 жеке тұрғын үйлердің аулалары мен оның аумақтарынан (131616 куб. м..) еріген қар, жаңбыр суы және кәріздегі ағынды суларын сору және инертті материалдармен қаптарды (5730 дана) салу жұмыстары жүргізілді, - делінген хабарламада.
«112», «109» шұғыл қызметтерге 1104 қоңырау түсті, 792 өңделіп, 312 бақылауда тұр. жедел желі телефонына (55-40-88) 56 қоңырау келіп түсіп, пысықталды.
Сондай-ақ, наурыз айының 25-нен 26-на облыстық және аудандық маңызы бар 5 ауданның автожолдарының 8 учаскесінде қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның салдарынан жол төсемі арқылы су өтіп кетті.
Зардап шеккендер жоқ.
Аталған учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған, елдімекендерге қауіп жоқ.