БҚО-да шетелдіктерге айыппұл салынды

Екі күнге созылған «Заңсыз мигрант» рейді кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 79 фактісі анықталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 20:12
Кеше 2026, 20:12
612
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Батыс Қазақстан облысында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 79 айыппұл хаттамасын толтырған. Оның ішінде:

  • 56 дерек шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты;
  • 20 дерек шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуына байланысты;
  • 3 дерек шетелдік жұмыс күшін және еңбек мигранттарын заң талаптарын бұза отырып тарту фактісі бойынша тіркелген.

Ведомство мәліметінше, заңсыз миграция арналарын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция көші-қон саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады, – деп мәлімдеді ІІМ.

Наверх